2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстандық балуан қыздар әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Күрес түрлерінен Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтуде.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде бәсекелер басталды. Алайда қазақстандық спортшылардың ешқайсысы жартылай финалға жете алмады.

50 келіге дейінгі салмақта Светлана Анкичева Солтүстік Корея өкілі Вон Менггенге мерзімінен бұрын жеңілді.

57 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағамбетова да алғашқы белдесуінде финляндиялық Дженне Хемиайеге есе жіберді.

76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова да қарсыласынан айласын асыра алмады. Ол италиялық Энрика Ренальдиден 3:4 есебімен жол берді.