Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан иорданиялық Амро Садеден басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі) өзбекстандық Ихтиёр Ботировқа жол берсе, Сұлтан Әсетұлы (63 келі) солтүстіккореялық Чан Кимге есе жіберген болатын.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған