Қазақстандық азамат 740 теңге үшін сотталып кете жаздады

Қазақстанда 740 теңге ұрлады деп айыпталған азамат 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектеліп, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмыстар атқаруға міндеттелген. Алайда қылмыстық істер бойынша кассациялық сот бұл үкімнің күшін жойды. 

Фото: из открытых источников

Астана, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, ер адам ақша ұрлау мақсатында танысының үйіне заңсыз кірген, алайда сол жерде ұсталған.

Өз түсініктемесінде ол жәбірленушіден 500 теңге қарыз сұрауға келгенін, есік жабық болғандықтан итеріп ашқанын, содан есіктің ілгегі босап кеткенін айтты. Ас үйге кірген кезде жәбірленушінің бұрын ақша салғанын көрген шкафтың тартпасына жақындаған. Ол жерде 740 теңге жатқан.

Қылмыстық кодекске сәйкес, 2 АЕК-тен (2022 жылы – 6 126 теңге) аспайтын сомаға жасалған ұрлық қылмыстық теріс қылық болып саналады. Ал қылмыстық теріс қылыққа оқталу қылмыстық жауаптылыққа әкелмейді.

Осыған байланысты Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот айыптау үкімін жойды. 

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты