Қазақстандық ауыр атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында екі медальға қол жеткізді

Қазақстандық ауыр атлет Матвей Макрушин елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медальға ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Матвей қоссайыстың қорытындысы бойынша 331 (148 183) келіні бағындырып, жастар арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Өзбекстан өкілі Кудротбек Залимжонов 360 (169 191) келіні еңсеріп, алтын медальға ие болды. Ал түрікменстандық ауыр атлет Сулеймен Джафаров 327 (145 182) келі көтеріп, үшінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Санжар Жолтай 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 340 (155 185) келіні еңсерді.

Бірінші орынды Сирия өкілі Касвара Джгили иеленді – 364 (164 200) келі. Екінші орынға өзбекстандық Омидолло Олимов жайғасты – 351 (161 190) келі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?