Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161 205) келіні еңсерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162 187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152 182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.