Қазақстандық әртістер «Новая волна – 2025» байқауында жүлделі орынға ие болды

Отандық өнерпаз Александр Лим «Новая волна – 2025» халықаралық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанды. Ол – осы фестивальде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық.

gov.kz

Алматы, NEGE. Әртіс әлеуметтік желілерде кавер-видеоларымен танымал болды. Әнші орыс, ағылшын, итальян, түрік және басқа тілдерде хит әндерді орындап, видеолары мыңдаған қаралым жинаған.

2018 жылы Александр «I’m a singer Kazakhstan» байқауына қатысып, жартылай финалға жетті. 2021 жылы ол танымал «Голос Украины» шоуына қатысып, Надежда Дорофееваның жетекшілігімен жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, нокаут кезеңіне дейін өнер көрсетті.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық орындаушы Ерназар Жұбан да жүлделі орынға ие болды. Өткен жылы ол Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық вокал байқауында бірінші орынды жеңіп алған еді. Әнші «Новая волна» додасында лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек