Қазақстандағы ресейлік балгер қамалды

Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматы, NEGE. Жәбірленуші «балгерді» тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп «сиқыр әрекеттерін» жасауды сұраған. «Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін алып кеткен», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Қазіргі таңда Салима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің үстінен ҚРҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды