Қазақстандағы қызыл аймақ туралы мәлімет жарияланды

Қазақстанда коронавирустың тарауы бойынша бес өңір 'қызыл' аймақта.

Алматы, NEGE. 27 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай: 

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.