Қазақстандағы Грузия елшісінен коронавирус анықталды

Қазақстандағы Грузия елшісі Зураб Абашидзе коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Georgiatoday.ge сайтын сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Грузияның сыртқы істер министрлігі растады. Елші Қазақстанда ем қабылдап жатыр. «Ол Қазақстан дәрігерлерінің бақылауында, Грузия мамандары онымен үнемі байланыста», – деп хабарлайды министрлік өкілі.

Зураб Абашидзе Грузияның елшісі болып 2017 жылы тағайындалған. Бұған дейін, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Олармен байланыста болған кей жоғары лауазымды шенеуніктер үйінде оқшауланды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды