24 ноября 2025 г. 17:20
Қазақстандағы зираттардың цифрлық платформасы жыл соңына дейін іске қосылады
ҚМДБ өкілдері Қазақстандағы зираттардың цифрлық платформасы жыл соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеді.
Астана, NEGE. Қарағандыда өткен семинарда республика бойынша зираттарды цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Шарада ҚМДБ мен «KazAeroSpace» ЖШС бірлесіп әзірлеп жатқан Jerleu.kz платформасының биыл жыл соңына дейін іске қосылатыны хабарланды. Компания өкілі платформа мүмкіндіктерін LED экран арқылы таныстырды, – делінген хабарламада.
Jerleu.kz порталы арқылы тазалау, көгалдандыру, гүлдермен безендіру және салттық компаниялар мен олардың қызметтері туралы ақпаратпен танысуға болады.