Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай компаниясы салады

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр брифинг барысында айтты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екінші станция сияқты, үшіншісін де Қытайдың CNNC корпорациясы салуы мүмкін.

Қазір Атом энергиясы агенттігі мен «Электрлік атом станциялары» мамандары құрылысқа қолайлы орындарды зерттеп жатыр.

«Станция маңында тұрақты су көзі міндетті түрде болуы керек. Сондай-ақ электр энергиясын беретін аймақтар да нақтылануы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс жүріп жатыр. Биыл нақты орны жария етіледі», - деді Роман Скляр.

Бұған дейін алғашқы АЭС-тің Балқаш көлі маңында 2030 жылы салына бастайтыны хабарланған. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін