19 июля 2025 г. 15:25

Қазақстандағы ұлттық парктерге келушілер саны 2,8 млн адам

Фото: ғаламтордан

2023 жылы еліміздің ұлттық парктеріне 2,8 миллионнан астам адам барған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

АЛМАТЫ, NEGE. Туристер арасында Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтын-Емел және Көлсай көлдері ерекше танымал.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта 750 шақырым табиғи маршрут абаттандырылған, ал алдағы жылдары тағы 350 шақырым жол жабдықталады. Биыл тоғыз жаңа туристік бағыт іске қосылмақ.

Ірі жобалардың бірі – “Alatau Amanaty”. Жоба аясында Іле Алатауы мен Шарын шатқалы арасында 1200 шақырымнан астам жол төселіп, этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер мен гастротуризм нысандары салынады.

Бұл бастама KazAlpineClub қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асып жатыр. Жобаны AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және Алматы қаласы мен облысы әкімдіктері қолдап отыр.

“Alatau Amanaty” бағыты келесі нысандарды қамтиды:

  • “Есік” қорық-музейі
  • Көк-Жайлау шатқалы
  • Бутаковка сайы
  • Алма-Арасан бұлақтары
  • Үлкен Алматы көлі
  • VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы
  • Oi-Qaragai тау курорты

Жоба экотуризмді дамытумен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірлік экономиканы қолдауға бағытталған.