Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің мәлімдеуінше, бұл талап «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізілген.

gov.kz

 Астана, NEGE. Заң жобасы жуырда екінші оқылымда қаралады.

«Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамасыз етеді», – делінген заң жобасына енгізілген нормада.

Заң жобасы мақұлданса, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен шетелдік жоғары оқу орындары бұл талапты орындауға міндетті болады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты