Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды

Қазақстандағы тұңғыш жасанды интеллект институты ашылды, деп хабарлады 24KZ арнасы.

24.kz

Алматы, NEGE. Институт Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің базасында ашылды.Болашақ бағдарламашылар, киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул ұлттық ғылым және технология университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады, - делінген хабарламада.

Биыл институт төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 грант бөлді: "Информатика", "Ақпараттық жүйелер", "Киберқауіпсіздік", "Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу".

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы қуатты материалдық-техникалық база құруды көздейді. Заманауи зертханалар ашып, озық білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?