Қазақстандағы алғашқы АЭС атауына конкурс басталды

Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.

Қатысу үшін:

• тілді таңдау (қазақ немесе орыс);

• өз нұсқасын ұсыну;

• атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);

• конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.

Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. 

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты