Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру мүмкіндігінің саны шектелмек

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру әрекеттерінің саны шектелуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев мәлім етті.

«Қазір шектеу қойып жатқан жоқпыз. Бірақ, емтихан тапсырушылар жауапкершілікпен дайындалуы керек деп есептейміз. Алты, жеті рет келіп, тапсыра алмайтындар бар. Оларға «Бірінші үйреніп, содан кейін ғана келіңіз» деп қана ескерту жасай аламыз. Бірақ емтихан тапсыруына шектеу қоя алмаймыз.  Сондықтан алдағы уақытта емтихан тапсыру мүмкіндігін азайту қажет», – деді Бақтияр Мұхаметқалиев.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді