Қазақстанда жолаушылар пойызындағы ортақ вагондарда жүруге тыйым салынды
Қазақстанда жолаушылар пойыздарының ортақ вагондарында жүруге тыйым салынды. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған.
Алматы, NEGE. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын", - делінген қаулыда.
Қаулы 2021 жылы 13 қыркүйекте күшіне енеді.