Қазақстанда жылқы көбейді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл ірі қара мал басы 5 пайызға өскенін айтты.

Алматы, NEGE. «Ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толықтыру үшін мал басын өсіру қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың 7 айында ірі қара малының 5 пайызға, ұсақ малдың 2 пайызға, жылқының 9 пайызға өсуі байқалды», – деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол өңделген өнім бойынша өсім болғанын айтты.

Бұл тұрғыда ұн 6,4 пайызға, өсімдік майы 1,8 пайызға, макарон өнімдері 8,4 пайызға, құс еті 12,3 пайызға, қышқыл-сүт өнімдері 4,7 пайызға, сары май 12,9 пайызға, шұжық өнімдері 22,8 пайызға өсті.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты