Қазақстанда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды

Баланың туылғанына небәрі 11 күн болған. Оған инсульт, жүректе қанның ұю диагнозы қойылды.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының жетекшісі Сагира Әбдірахманова қиын жағдай туралы айтып берді. 

"Біз 11 күндік нәрестеден айырылып қалдық. Себебі анасы жүктіліктің 39-шы аптасында инфекция жұқтырған. Босанғаннан кейін 5 -ші күні балада өте ауыр клиникалық белгілер байқала бастады. Балада мидың зақымдануы болған. Яғни, балада инсульт дамыған. Артынша біз баланың жүрек қантамырларында тромб қалыптасқанын байқадық", - деді педиатр.

Дәл осындай белгілері бар екінші бала да қазір ауруханада жатыр. Оның туылғанына небәрі 20 күн болған. 

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды