Қазақстанда жаңа партия тіркелді

Жаңа партия тіркеуден өтті. Бұл туралы партия басшысы Азаматхан Әміртай хабарлады.

Алматы, NEGE. «Әділетті Қазақстанға сенімді қадам - «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды - орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», - деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасында. 

Партияның басты міндеті – еліміздің экологиялық мәселелерін шешу.

Партия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.