23 июня 2023 г. 17:55

Қазақстанда жаңа мейрам пайда болуы мүмкін

Фото:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.

Алматы, NEGEАшық үкімет порталында «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылды.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

Тегтер: