Қазақстанда жаңа аудан пайда болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды.
Алматы, NEGE. "Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.", - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжат мәтінінде.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылды.