13 июня 2021 г. 14:37

Қазақстанда Яндекс.Такси қызметі тоқтатыла ма?

Фото:

Сот шешімнің заңды күшіне енбегенін және мәжбүрлі түрде шешімді орындау туралы мәселе болмағанын атап өтті.

Алматы, NEGE. "2021 жылдың 19 мамырында сот "G" ЖШС-нің " Яндекс" компаниясына қатысты талабы бойынша істі қарады. 

Істі қарау кезінде сот компанияның қызметіне шектеу қоймады (уақытша шаралар қолданылған жоқ). Қазіргі уақытта апелляциялық шағымдар беріліп жатыр, іс апелляциялық сатыда қаралады", – деп хабарлады қалалық экономикалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Яндекс.Такси қызметіне тыйым салу және Қазақстандағы қосымшаны бұғаттау туралы шешім шығарды.

Компания бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданбақ.

Тегтер: