Қазақстанда Украинаға қару сатуға және экспорттауға тыйым салынған – Ресейдің Қазақстандағы елшісі

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавки

н Sputnik басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыс туралы айтты.

Алматы, NEGE. Алексей Бородавкиннің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда Украинаға қару сатуға және экспорттауға тыйым салынған.

"Қазір Қазақстан қару сатуға және жеткізуге арналған барлық жолдарды жапты. Украинаға қару жеткізуге және экспорттауға мораторий жарияланған әрі мұны қатаң бақылауда ұстап отыр. Айта кетерім, Қазақстан қазір ҰҚШҰ аясындағы серіктестікте белсенділік танытып отыр", – деді ол. 

Ресей елшісінің сөзінше, Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуды жоспарлап отырған жоқ. 

"Мұндай жалған ақпараттарды біздің жауларымыз таратып отыр. Осылайша арандатып, мемлекеттерді араздастырмақшы. Шын мәнінде Қазақстан бітімгерлік және биологиялық қауіпсіздік, терроризммен күрес мәселесіне келгенде өте белсенді. Сондықтан Қазақстан азаматы Иманғали Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына тағайындалуы да бекер емес", – деп толықтырды ол.