Қазақстанда тыныштық режимін сақтау уақыты өзгертілді

Павлодар облысының Полиция департаментінде өткен онлайн-брифингте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Павлодарда өткен онлайн-брифингте басқарма бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бекіткен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты.

– Егер бұрын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тыныштық уақыты түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін белгіленген болса, онда жұмыс күндері мен демалыс күндеріне бөліну болмаған. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының жаңа редакциясында түнгі 22:00-ден 9:00-ге дейін тыныштық режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері тұрғын үйлерде және тұрғын аудандарда орналасқан ойын-сауық мекемелерінде тыныштық режимі 23.00-ден 10.00-ге дейін белгіленген, – деді Жасқайрат Қайыров.

Осы бапты бұзу жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта бизнес үшін – 30 АЕК, ірі бизнес субъектілері үшін – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған әрекет ірі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады: жеке тұлғаларға – 10, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 40, орташа бизнес үшін – 60, кәсіпкерлік – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. ‌Айта кету керек, 2020 жылдың басынан бері полиция тыныштықты бұзған 1909 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды