Қазақстанда тәулігіне 62 мың тест өткізуге мүмкіндік бар
Қазіргі таңда лабораторияларда тәулігіне 62 мың ПТР-тест өткізу мүмкіндігі бар. Бастапқыда 15-20 мың сынама алынған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Сондай-ақ ПТР-тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін тек дәрігердің жолдамасы болу қажет. Сондай-ақ министр вирустың өршіп кетуі себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды. Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан.