Қазақстанда Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте су тасқынына дайындық мәселесі қаралды.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып,  температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.

Премьер-Министр өңір әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.