Қазақстанда «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді

Елімізде біркомпонентті «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев мәлімдеді. Ол «Спутник V» Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін сәтті қолданып жатқанын тілге тиек етті. «Спутник Лайт» екпесін де тіркеу ұтымды шешім», - дейді ол.

Ол ұжымдық имунитетті қалыптастыруды және халықты жаппай вакциналаудың мерзімін қысқартады. «Спутник Лайтқа» қатысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Қазақстан қыркүйекте Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауытты іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлағанды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады