Қазақстанда соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша ұрлық 28,2%-ға төмендеген

Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша  ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).

Алматы, NEGE. Статистикалық мәліметтерді Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жариялады.

Аймақ бойынша ұрлық ең көп: 

Алматы (қ) - 7154,

Астана (қ) - 3541,

Алматы -2197,

Қарағанды - 2114,

Қостанай – 1519, 

Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ) тіркеледі.

Ұялы телефондарды ұрлау дерегі 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі:

Алматы (қ)- 2287,

Астана (қ) - 844,

Алматы - 576,

Қарағанды - 527,

Ақтөбе - 424,

Абай – 431, облыстарында және Шымкентте – 467 тіркелген.

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7% болып отыр.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі :

Алматы -172,

Батыс Қазақстан – 124,

Түркістан -124,

Жетісу - 93,

Жамбыл – 68,

Абай - 66 облыстарында тіркелген.