Қазақстанда шетелдік университеттердің кампусы ашылады

2025 жылға қарай Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің 5 кампусын ашу жоспарда бар.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Қазір ел үкіметі Аризона мемлекеттік университеті мен Де Монфорт британ университетінің филиалдарын ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 2025 жылға қарай студенттерге арналған стипендиялар 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттарға бір жарым есе өседі. Жатақханаларда студенттерге арналған 50 мың жаңа орын ашылады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті