Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның құны қанша?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакциналардың бағасы туралы сұрақтарға жауап берді.

Алматы, NEGE. Дәрігерге «Ресейден жеткізілген және Қарағандыдан шығарылатын вакциналардың өзіндік құны қанша?» деген сұрақ қойылды.

«Іс жүзінде өзіндік бағалары шамалас болады. Бірақ, вакцинаны Қарағандыда шығаратын болсақ, әрине оның артықшылықтары бар. Біріншіден, өндіріске өзіміз тікелей қатысамыз, бүкіл өндіріс циклін қадағалай аламыз. Бұл бізге осы тәжірибені одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, логистикаға байланысты қандай да бір шығындар болуы мүмкін», - деді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.

Ол коронавирусқа қарсы вакцинацияның халыққа тегін екенін еске салды және вакцинаның екі компонентті дозасының бағасын (өзіндік құнын) айтты.

«Екі компонентті доза бүгінгі күні 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады. Бұл – ресейлік вакцина. Жалпы алғанда, вакцинаның бағасы қай жерде шығарылатынына қарамастан, Ресейде немесе Қазақстанда осындай болады», - дейді Е. Қиясов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр