Қазақстанда Республика күні 20 мың полицей күшейтілген режимде жұмыс істейді

Қазақстанда Республика күні 20 мың полицей күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 000 полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Әлібек Кениспаев.

Еске салсақ, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. 24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылады.

Полиция нарядтарының маршруттары азаматтардың жаппай жиналатын және демалатын орындарына жақындайтын болады. Жағдайды бақылау үшін ІІМ базасында жедел штаб жасақталады. Штаб барлық өңірде жұмыс атқарады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады