Қазақстанда Respublica партиясы ресми тіркелді

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров хабарлады.

Алматы, NEGE. "Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астанадағы ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжатын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл - ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда бұл сынақтар бізді тек күшейтті", - деді Айдарбек Қожаназаров.

Партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

Сондай-ақ, Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді.

«Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды» делінген хабарламада.