Қазақстанда ресейлік «Вкусно – и точка» мейрамханасы ашылуы мүмкін
«ПБО жүйесі» ЖШС «Вкусно – и точка» тауар белгісінің Қазақстанға тіркеуге берген өтінімі сараптама ұйымының қарауында. Бұл туралы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаменті мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Вкусно – и точка» Ресейде McDonald’s мейрамханасын алмастырған жаңа фаст-фуд желісі.
Ал McDonald's-тың Қазақстандағы мейрамханалары ет жеткізу мәселесіне байланысты желтоқсанда жұмысын тоқтатты.