Қазақстанда референдум күні инватакси және сурдоаударма қызметі жұмыс істейтін болады

Қазақстанда рефрендум күні инватакси және сурдоаударма қызметі жұмыс істейтін болады, деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының (ОРК) төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алматы, NEGE. «ОРК төрағасы ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай жасау мәселесіне ерекше тоқталды. «Инватаксимен қамту мәселесін қосымша қарау керек, қажет болған жағдайда сурдоаудармашылар тартылуы, мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық шара қолға алынуы тиіс», - деп келтірген ОРК баспасөз қызметі Әбдіровтің сөздерін.