27 октября 2022 г. 9:49

Қазақстанда пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды

Фото:

Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде  коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы  20 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Төменгі орындар қымбаттайтын жолаушы пойыздарының бағыттары: 

№111/112 "Алматы - Маңғыстау";
№51/52 "Алматы - Орал";
№105/106 "Алматы - Петропавл";
№71/72 "Астана - Шымкент";
№29/30 "Алматы - Атырау".

Тегтер: