Пневмониямен ауруханада жатқандардың саны белгілі болды

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр.

Aлматы, NEGE. «Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінгі күні ел бойынша стационарларда ПТР-тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделуде», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық емханалар, жедел жәрдем және ауруханалар медициналық көмекті ұйымдастыру шараларын қарқынды жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды