Қазақстанда пітір садақа мөлшері жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленгенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттің қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды", - делінген ақпаратта.