Қазақстанда пандемия кезінде 18 дәрігер көз жұмды

Пандемия кезінде Қазақстанда 18 медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың 11,5 пайызы медицина қызметкерлері. Олардың 492-сінде пневмония бар. 511 медицина қызметкері емделіп жатыр, барлығы 18 өлім жағдайы тіркелген", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, ол өлімнің барлығы коронавирусқа байланысты емес екенін атап өтті. Олар "COVID-19 анықталған науқастарға тікелей көмек көрсеткен".

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті