Қазақстанда өткен тәулікте 878 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте дәрігерлер 258 адамды коронавирусқа шалдыққан деп таныған, тағы 620 адамда ауру белгілері байқалмағанымен, тест нәтижелері оларды індетті «тасымалдаушы» ретінде көрсеткен. Үш адам індеттен көз жұмған.

Алматы, NEGE. Бүгінге дейін елде ауру белгісі жоқ 4 402 адам тіркелген. 3 маусымнан бастап оларды жеке есепке алатын болды, сондықтан олар науқастар тізіміне қосылмайды.  Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырған, ауру белгісі байқалған адам саны  18 898-ге жетті. Жедел штабтың мәліметінше бір күнде 227 адам жазылған. Күні бүгінге дейін жазылғандардың саны – 9056.

Індет басталғалы бері 73 адам қайтыс болған. 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталып, карантин шаралары біртіндеп алына бастаған еді. Енді жекелеген өңір басшылары ауырған адамдардың санының көбейіп кеткеніне байланысты шектеу шараларын қайта енгізуді қолға алған. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының бас санитар дәрігерлері вирус жұқтырғандар саны өскен жағдайда карантин шараларын қайта күшейтуге мәжбүр болатынын ескерткен

 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді