Қазақстанда онлайн университеттер ашылады

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат - онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады", - деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, ол "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»