Қазақстанда омикрон штамына байланысты 5 қаңтардан бастап шектеулер енгізіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Жандос Бүркітбаев эпидемиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі әлемде "омикрон штамының таралуының жоғары қарқыны екенін айтты. 

“30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың омикрон штамы 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. Омикрон штамының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ штамды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады”, – ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмек.