Қазақстанда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан ауруханаларындағы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны туралы мәлімет берді.

Алматы, NEGE. «Бүкіл елде 3 294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аймақтардағы қажеттіліктерге байланысты оларды бөлу жоспарланып отыр. Таяу арада медициналық ұйымдар 1 658 ӨЖЖ аппаратын алады. Олардың 680-і жедел жәрдем көліктерін қосымша жарақтандыруға арналған портативті аппарат болса, 978-і стационарлық – базалық және функциялары кеңейтілген аппараттар», – деп хабарлайды министрліктен.

Алдағы уақытта қосымша 4 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алу көзделіп отыр. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жариялаған кешегі үндеуінде Қазақстанда ПТР-тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлім еткен еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді