26 июля 2022 г. 11:52

Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

Фото:

Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңге болды. Былтыр осы кезеңде зергерлік бұйымдар өндірісі 451,3 млн теңге болған еді.

Алматы, NEGE. Жалпы 2021 жылы сектордағы өнім 1,6 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың құны бір айда 1,8%, бір жылда 35,3% қымбаттады. Оның ішінде алтын неке сақинасы бір жылда 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады.

Өңірлік тұрғыда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті – бір жылда 61%. Алғашқы үштікке Алматы облысы (жылына плюс 60,6%) және Нұр-Сұлтан (плюс жылына 52,5%) кірді.

Тегтер: