Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесінің датасы өзгереді

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Алматы, NEGE. Енді Қазақстанда мұғалімер күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі нақты 5 қазанға белгіленеді.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.