Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 55,4%-ы – әйелдер

Қазақстанда 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, былтыр 55,4%-ға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов 8 наурыздағы құттықтауында айтты.

Алматы, NEGE. Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.

"Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына тұруға қыздарымыз белсенділік танытады. Былтыр 30 мыңға жуық жас бойжеткен жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын бастады", - Әлихан Смайылов.

Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. Оларды оқытып, әрі қарай жұмысқа тұруына немесе бизнес әлеміндегі бағын сынауына мүмкіндік береді. Гранттар мен жеңілдікті қарыз бөліп, субсидияланған және кепілдендірілген несие ұсынады. ​

ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45% болып отыр.