Қазақстанда Мексиканың елшілігі ашылады

Биыл Астана қаласында Мексиканың Елшілігі ашылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Алматы, NEGE. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.

"Өз сөзінде Марсело Эбрард биылғы міндеттері туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да ашатынын ресми түрде хабарлады", - деді Айбек Смадияров. 

Айбек Смадияров Қазақстан Мексика үкіметінің тілегін құптайтынын және Астанада Мексика елшілігін ашуға қажет көмек беруге дайын екенін айтты.