Қазақстанда күн қайта жылынады
«Қазгидромет» 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Алдағы екі-үш күнде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Тек қана шығыс пен оңтүстікте жаңбыр, қар жаууы ықтимал.
Синоптиктер 7 қазан күні шығыста қар жауатынын болжап отыр.
Түнде және таңертең тұман, шығыс пен орталықта – көктайғақ, бұрқасын, батыста шаңды дауыл күтіледі.
Батыс пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы 10-18-ге дейін, солтүстік, шығыс пен орталықта 8-15-ке дейін, оңтүстікте 15-20-ға дейін көтеріледі.
Дереккөзі: https://aikyn.kz/164709/sinoptikter-kazakstanda-kun-kayta-zhylynatynyn-aytty