Коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылар саны 4892-ге жетті

Қазақстанда коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылар саны 4892-ге жетті, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.

Алматы, NEGE. «Қазақстанда 14 маусымда COVID-19 дертін симптомсыз тасымалдаушылардың 490 дерегі тіркелді. (…) Сонымен елімізде 3 маусымнан бері барлығы 4892 адам COVID-19 дертін қандай-да бір клиникалық белгісіз тасымалдап жүргендер болып саналады», - делінген хабарламада.
ВАК ақпарынша, коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылардың 490 дерегі келесі өңірлерде тіркелген:


- Ақмола облысы – 1,
- Ақтөбе облысы – 22,
- Алматы облысы – 34,
- Атырау облысы – 54,
- Шығыс Қазақстан облысы – 4,
- Жамбыл облысы – 21,
- Батыс Қазақстан облысы – 25,
- Қызылорда облысы – 14,
- Қарағанды облысы – 58,
- Қостанай облысы – 1,
- Маңғыстау облысы – 4,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
- Түркістан облысы – 14,
- Алматыда – 94,
- Нұр-Сұлтанда – 69,
- Шымкентте – 70.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді