Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді
Батыс Қазақстан облысында бір адамның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді.
Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың мәліметінше, әйел адам індет басталған уақытта сәуір айында ауырған. Содан кейін тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан.
Бұл туралы Әбдірахманова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарлады.